ҰҚК Алматы облысындағы кезекті есірткі зертханасын жойды

7 Қараша 2024, 10:59
213
Бөлісу:
ҰҚК Алматы облысындағы кезекті есірткі зертханасын жойды
PHOTO
Фото: ҰҚК

Есірткі затын дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жылдың қазанында ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіріне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті.

ҰҚК Алматы облысындағы кезекті есірткі зертханасын жойды
ҰҚК Алматы облысындағы кезекті есірткі зертханасын жойды

5 кг жуық дайын және 350 литр «а-PVP» сұйық психотроптық заты, сондай-ақ 800 литр прекурсорлар мен есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық тәркіленді.

ҰҚК Алматы облысындағы кезекті есірткі зертханасын жойды
ҰҚК Алматы облысындағы кезекті есірткі зертханасын жойды

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы