ҰҚК Алматы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәжілов 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алмалы аудандық сотының шешімімен ҰҚК Алматы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы лауазымдық өкілеттіліктерін асыра пайдаланды деп танылды.
Сот үкімімен Нұрлан Мәжілов ҚР ҚК 362-бабы, 4-бөлігі бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол 10 жыл бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті басқару органдарында, қаржылық ұйымдарда жұмыс істей алмайды, - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бұдан бөлек Мәжілов ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан айырылады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.