ҰҚК 10 радикалды діни идеология жақтастарының жолын кесті

Бүгiн, 13:10
124
Бөлісу:
ҰҚК 10 радикалды діни идеология жақтастарының жолын кесті
PHOTO
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Осы жылғы 22 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе, Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәліметке сәйкес, фигуранттардың бірі қамау жағдайында террорлық акт жасауға дайындалған, ал қалғандары терроризмді насихаттауға қатысып, террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды өз қатарларына тартумен айналысқан.

ҰҚК 10 радикалды діни идеология жақтастарының жолын кесті

Жаза өтеу орындарында жүргізілген тінтулер барысында суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер алынды.

ҰҚК 10 радикалды діни идеология жақтастарының жолын кесті

Біреуінің экстремизм үшін соттылығы бар. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеген.

ҰҚК 10 радикалды діни идеология жақтастарының жолын кесті

Сондай-ақ, Алматы қаласында пробациялық бақылауда тұрған олардың байланысы ұсталды. Көрсетілген адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 255, 256 және 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҰҚК 10 радикалды діни идеология жақтастарының жолын кесті

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы