Қостанай облысында полиция жүргізушілердің көлік жүргізу кезінде телефон ұстаған сәттерін жариялады. Жыл басынан бері өңірде көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалануға тыйым салатын ережені бұзған 4 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Көптеген жүргізуші рөл бір қолында, ал екінші қолында смартфон болғанда, өздерінің қаншалықты қауіпті әрекет жасап отырғандарын түсінбейді. Жыл басынан бері өңірде көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалануға тыйым салатын ережені бұзған 4 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Белгілі дерек: бар болғаны 2 секундқа телефон экранына алаңдау жүргізушінің зейінін бірнеше есе төмендетеді. Осы уақыт ішінде көлік 30 метрге дейін дерлік ештеңені көрмей жүріп өтуі мүмкін, - деп хабарлады Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі.