Университет ұжымы қоғамдық көліктерде тегін жүреді

23 Тамыз 2021, 11:56
802
Бөлісу:
Университет ұжымы қоғамдық көліктерде тегін жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада университет ұжымы қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басшылығы мен жергілікті кәсіподағы ЖОО-да жұмыс істейтін әрбір адамның атқаратын лауазымы мен еңбек функцияларына қарамастан тұрақты әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіп отырады.

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен ұжымы қалалық және қала маңындағы қоғамдық көліктерге тегін жол жүру билеттерін алады. Сондай-ақ оқытушылар мен қызметкерлерге жеке кеңсе тауарлары мен жұмысқа қажетті керек-жарақтар жиынтығы беріледі.

Қазіргі уақытта университетте әлеуметтік қолдау жүйесі 3 бағыт бойынша дамып жатыр. Олар - үздіксіз медициналық көмек көрсету, қаржылық қолдау және нарықтық бағадан төмен бағамен экологиялық таза азық-түлікпен қамтамасыз ету, - дейді жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Айтхожин.

Өзгелердің жаңалығы