Үндістаннан сатып алынған вакциналар ДДҰ тексерісінен өткен

6 Мамыр 2020, 16:09
1490
Бөлісу:
Үндістаннан сатып алынған вакциналар ДДҰ тексерісінен өткен
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп вакциналардың арнайы сертификаты барын айтты.

Біз Үндістаннан міндетті түрде қабылдануы керек үш вакцина түрін аламыз. Олар, АДСМ, қызылша мен паротитке қарсы вакцина және туберкулезге қарсы вакцина. Бұл үшеуі де Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тексерісінен өткен, арнайы сертификаты бар. Әлемнің 70-тен астам мемлекетінде қолданылады. Вакциналар бізге ЮНИСЕФ және жергілікті дистрибьюторлық компаниялар арқылы жеткізіледі, - деді ол.

Басқарма төрағасы брифинг барысында биыл сатып алынған вакциналарға да тоқталды.

Вакциналардың құнына қатысты ақпаратты ашық айта алмаймыз. Бірақ, бірыңғай дистрибьютор сатып алу рәсімдерін өткізген кезде бізге Денсаулық сақтау министрлігі шекті баға қояды. Біз бүгінде вакциналарды шекті бағадан едәуір төмен бағада сатып алып жатырмыз, - деді ол. 

 Берік Шәріптің айтуынша, "Лопинавир", "Ритонавир" дәрі-дәрмектерінің қанша сатып алынғанын айтты.

"Лопинавир", "Ритонавир" дәрі-дәрмектері тек COVID-19 індетін емдеуге ғана қолданылмайды. Елімізде 30 мыңнан астам АҚТЖ дертімен ауыратын науқас бар. Бұл дәрілер осы науқастарды емдеуге де қолданылады. Шетелдік мамандардың айтуынша, клиникалық протоколда өз тиімділігін дәлелдеген препарат болғандықтан, бұл дәрілер коронавирус инфекциясын емдеуге қолданылуда. Денсаулық сақтау мекемелеріне 65 мың дана препарат жеткіздік. Дәрі 10 млн теңгеге жуық қаражатқа сатып алынды, - деді Шәріп.

Өзгелердің жаңалығы