Үндістанда табиғи апат салдарынан 35 адам қаза тапты

24 Желтоқсан 2023, 15:19
629
Бөлісу:
Үндістанда табиғи апат салдарынан 35 адам қаза тапты
Фото: pixabay

Үндістанның оңтүстігіндегі Тамил Наду штатында осы аптада болған сутасқыны мен жаңбырсалдарынан шамамен 35 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мұндай мәліметті билік өкілдері жариялаған.

Бірнеше округте бұрын-соңды болмағанқатты жаңбыр жауып, таулы аймақтарды субасып, автомобиль және теміржол қатынасын қаттыбұзды.

Штаттың Бас хатшысы Шив Дас Мина хабарлағандай, барлығы 35 адам қаза тапты. Ол зардап шеккен аудандарда құтқаружұмыстары аяқталғанынжәне қазір негізгі қызметтерді қалпына келтіруге назар аударылғанын атап өтті.

175-ке жуық елді мекенде жолдар бұзылды, 140-ындақалпына келтіру жұмыстары аяқталды, қалған жолдарда жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Сумен қамтамасыз ету сияқты басқа қызметтер де дәл осылай қалпына келтіріліп жатыр. Толық бұзылған жерлерде біз танкерлермен су жеткізуді ұйымдастырдық, - деді ресми өкіл.

Су басқан аймақтардан 50 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Су тасқыны мен толассыз жауған жаңбыр 3 700 саятшылық пен 170 тұрақты үйді зақымдады. Сондай-ақ жалпы 183 мың гектар алқаптағы егін су астында қалды.

Қазір үкіметтік топтар келтірілген шығынды есептеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы