Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатындағы пиротехникалық зауытта жарылыс болып, сегіз адам қаза тапты , деп хабарлайды BAQ.KZ Хинхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Жарылыс салдарынан 16 адам жарақат алған. Зауытта оқиға орнында бес адам қайтыс болып, тағы үшеуі ауруханаға бара жатқанда көз жұмған. Зардап шеккендердің бірнешеуі ауыр жағдайда.
Қайғылы жағдайға өндірістегі өрт себеп болған.Қазіргі уақытта Полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаға қатысты тергеу жүргізуде.
Айта кетейік, 1 қаңтарда Үндістанның Махараштра штатындағы Солапур қаласындағы пиротехникалық зауытта да үш адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алған болатын.