Үндістанда найзағай түсіп, 14 адам қаза тапты

Билік туристік курорттарға баруға уақытша шектеу қойды.

 pixabay.com 26 Қазан 2026, 20:55
26 Қазан 2026, 20:55
162
Фото: pixabay.com

Үндістанның Тамилнад штатында муссондық жаңбыр маусымы басталғалы найзағай түсіп, 14 адам қаза тапты. Бұл туралы PTI агенттігі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, нөсер жаңбыр салдарынан 62 жерде көшкін болған. Сонымен қатар тұрғын үйлерді су басып, ауыл шаруашылығы алқаптары су астында қалған.

Билік өкілдері қауіптің жоғары деңгейін жариялап, туристердің танымал таулы курорттардың бірқатарына баруына шектеу қою туралы шешім қабылдады. Шектеулер ауа райы жақсарғанға дейін күшінде болады.

Наверх