Үндістанда діни мереке кезінде 35 адам қаза болды

31 Наурыз 2023, 14:02
787
Бөлісу:
Үндістанда діни мереке кезінде 35 адам қаза болды
Фото: news.sky.com

Үндістанда діни мереке кезінде 35 адам құдыққа құлап кетіп, мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Sky News мәліметінше, қайғылы оқиға Мадхья-Прадеш штаты Индаур қаласындағы храмдардың бірінде болған. Көптеген тұрғын үндістандықтардың Рамнавами мерекесін атап өту үшін жиналған. Храм ғимаратының біреуі ескі құдық үстінде салынған көрінеді. Салдарынан бір топ адамның салмағын еңсере алмаған ғимараттың едені опырылып түскен. 

Біз 18 адамды құтқардық, 35 адамның денесін таптық, тағы16-сы түрлі жарақат алған, - деп хабарлады жергілікті шенеуніктің бірі.

Құтқару жұмыстары жалғасуда. Оған әскерилерді қоса алғанда 75 адам жұмылдырылды. Олар қиранды астынан адамдарды алып шығуға көмектесіп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы