Үндістанда діни фестивальде кептелістен жүзден астам адам қайтыс болды

3 Шілде 2024, 01:24
1095
Бөлісу:
Үндістанда діни фестивальде кептелістен жүзден астам адам қайтыс болды
Фото: pxhere.com

Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Хатрас қаласында діни жиында кептеліс болып, 107 адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Hindustan Times бұл туралы штаттың полициясы мәлімдегенін жазды.

Қайғылы оқиға Уттар-Прадеш штатындағы Хатрас ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Кептеліс фестивальге қатысушылар жиыннан соң діни көшбасшы Бхоле Бабоймен бірге шыққылары келіп асыққанда орын алған.

ТЖ орнында медицина қызметкерлері мен полиция жұмыс істеп жатыр.

Уттар-Прадештің бас министрі Йоги Адитьянатх қайғылы оқиғаға тексеріс жүргізілетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы