Үндістан астанасы Делиде денге безгегі өршіді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Жергілікті жұқпалы аурулар туралы қалалық қауымдастықтың мәлімдеуінше, соңғы екі аптада Делиде кеселді жұқтырғандар саны 105-ке жеткен.
Олардың жартысы дертке кейінгі бір аптада шалдыққан. Мамандар бұл жаңбырлы маусым мен аптап ыстыққа байланысты деп отыр. Өйткені мұндай мезгілде кеселді таратын масалар көбейеді.