Үндістан Жерді Апофис астероидынан қорғайды

6 Шілде 2024, 03:17
638
Бөлісу:
Үндістан Жерді Апофис астероидынан қорғайды
Фото: pixabay.com

Үндістан Жерді Апофис астероидынан қорғауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Indian Express-ке сілтеме жасап.

Үнді ғарыш зерттеу ұйымының (ISRO) басшысы Шридхара Паникер Соманатх ғаламшарды қорғау бойынша миссияға қатысу жоспарлары барын айтты. Бұған 2029 жылы Жерге Апофис астероидының жақындап келе жатқаны себеп болған.

ISRO төрағасының сөзінше, адамзат үшін астероидпен жұмыс істеу – бірегей мүмкіндік.

2029 жылы жерге Апофис келген кезде біз ол Жерге өте жақын болғанда осы астероидпен кездесуге аттана аламыз. Үндістан бұған қатысуға тиіс, - деді ол.

Ғалым зерттеуді астероидтың түсу қаупі орын алғанда емес, керісінше, қауіп жоқ кезде бастауды қолға алуды ұсынып отыр.

Біз миссияны қолдау үшін кез келген мүмкіндікті қолдануымыз қажет, - деп атап өтті Шридхара Паникер Соманатх.

Апофис (лат. Apophis) – 2004 жылы Аризонадағы Китт-Пик обсерваториясында ашылған Жерге жақындап келе жатқан астероид.

2029 жылы Жердің Апофиспен барынша қатты жақындауы көзге көрінетін жұлдыздық шама бойынша 3,1m-ге жетеді деп болжануды. Былайша айтқанда, көзге айқын көрінеді.

Ғалымдардың болжамынша, 2029 жылдың 13 сәуірінде астроид Жер бетінен 31 мың шақырым биіктікте өтеді және жұлдыздар секілді жарық шашады.

Өзгелердің жаңалығы