Үндістан мен Қазақстан арасындағы машина жасау саласы ұлғаяды

30 Наурыз 2023, 06:29
716
Бөлісу:
Үндістан мен Қазақстан арасындағы машина жасау саласы ұлғаяды
Фото: inbusiness.kz

Кеше Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі «Астана» халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО) бірлесіп Үндістан мен Қазақстан арасында машина жасау тауарлары мен қызметтері нарығын дамыту бойынша Бизнес-конференция ұйымдастырды, , деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шара Үндістан мен Қазақстан арасындағы машина жасау тауарлары мен қызметтері саласындағы ынтымақтастыққа серпін беруге арналған. Бизнес-конференция гибридті форматта өтті. Талқылау Үндістан-Қазақстан инженерлік ынтымақтастығының болашағына және екі елдің ынтымақтастығына негізделген ең үздік қолжетімді заманауи шешімдерге бағытталды.

Үндістанның Қазақстандағы Елшісі Шубхдаршини трипати ханым өзінің құттықтау сөзінде:

Үндістанның машина жасау секторы соңғы бірнеше жылда инфрақұрылым мен өнеркәсіптік өндіріске, инвестициялардың ұлғаюына байланысты айтарлықтай өсті. Сондай-ақ машина жасау секторы Үндістан экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие, - деді Шубхдаршини Трипати ханым.

Қазақстан тарапынан Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Динара Щеглова құттықтау сөз сөйледі. 

Қазақстанда машина жасаудың өсу қарқыны тұрақтылық пен тиімділіктің көрсеткіші. 2022 жылы сала өндірісінің көлемі 3,1 трлн теңгені құрады және 2021 жылмен салыстырғанда 30% - ға өсті (2,4 трлн теңге), - деді Динара Щеглова.

Сондай-ақ, ол үнділік серіктестерді ЕАЭО-дағы ішкі нарықтың және перспективалы өткізу нарықтарының үлкен көлеміне байланысты Қазақстанды индустрияландыруға қатысуға шақырды. 

Сонымен қатар Қазақстан машина жасау одағы директорының орынбасары Қуаныш Тайшыбеков Қазақстанның машина жасау нарығына талдау жасады. Ол Одақ шетелдік кәсіпорындарға Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолайлы экономикалық, қаржылық және құқықтық жағдайларды түсіндіруде көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. 

Сондай-ақ, ол Үндістан өнеркәсібінің өкілдерін 2023 жылы Қазақстандық машина жасау форумына қосылуға шақырды. АХҚО кеңесшісі Тимур Сембинов үнділік делегацияға АХҚО қызметімен таныстыру үшін презентация ұсынды.

Іс-шараға BMI bearings India, Van-Bent Minerals PVT, Distinct Techno Concept Pvt, Polymechplast Machines, Hilek Auto Industries, Rajendra Special Metals and alloys, Nexus alloys and Steels және т. б. сияқты жетекші Үнді инженерлік компаниялары, сондай-ақ қазақстандық Tengis Плюс, Амкадор Астана, Қазкомпрессор, Элпа, UK-Инжиниринг, Azam-KS сияқты компаниялар қатысты.  

Өзгелердің жаңалығы