Үндістан мен АҚШ екіжақты сауда келісімін мүмкіндігінше тезірек жасасуға дайын екенін растады. Бұл туралы Үндістан Сыртқы істер министрлігі Мумбайда өткен Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың келіссөздерінен кейін мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, тараптар сауда, қорғаныс, технология және энергетикалық қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты талқылап, екіжақты стратегиялық әріптестікті нығайту жолдарын қарастырған. Сондай-ақ өңірлік және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасты.
Марко Рубио News18 телеарнасына берген сұхбатында келісімнің кейбір техникалық мәселелері әлі де пысықталуы керектігін айтты. Оның сөзінше, сауда келісімі екі тарапқа да тиімді болуы маңызды.
Нью-Дели мен Вашингтон 2025 жылдың ақпанынан бастап 2030 жылға қарай екіжақты сауда көлемін 500 млрд долларға жеткізуді көздейтін ауқымды келісім бойынша келіссөздер жүргізіп келеді. Алайда құжатқа қол қою мерзімі әзірге белгісіз.