Үндістан, Иран және Қытай азаматтары елге визасыз кіре алады. Ал біз ше?

6 Мамыр 2023, 10:55
772
Бөлісу:
Үндістан, Иран және Қытай азаматтары елге визасыз кіре алады. Ал біз ше?
Фото: BAQ.KZ

2022 жылдан бастап жаңа ережеге сәйкес, Үндістан, Иран және Қытай азаматтары іскерлік, жеке және туристік мақсатта елге визасыз кіре алатыны белгілі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Визасыз кіру мерзімі – шекарадан өткен сәттен бастап күнтізбелік 14 күн. Бұл тек біржақты негізде болды. Яғни Қазақстан азаматтары осы үш елге кіру үшін виза алуы қажет.

Бірақ биылдан бастап елімізге тек Қытай азаматтары ғана визасыз кірмейді, 30 күнге дейінгі уақытқа екіжақты визасыз режим орнатылып жатыр. Демек Қазақстан азаматтары бұрынғыдай виза алу үшін құжат жинамайды.

Визасыз режим аясында шетелдіктерге ел аумағында еңбек немесе өзге де ақылы қызметпен айналысуға тыйым салынғанын айта кеткен жөн. Кез келген орнату және жөндеу жұмыстарына да визасыз тыйым салынады, бұл үшін виза қажет.

Айта кетейік, экономикалық тұрғыдан визасыз режим іскер топтар арасындағы байланыстардың қарқындылығын арттыруға, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасауға негіз бола алады.

Өзгелердің жаңалығы