Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үндістан елшісі: Қазақстан – Орталық Азиядағы басты серіктесіміз

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
4 Қыркүйек 2025, 11:35
549
Бөлісу:
 автордан
Фото: автордан

Үндістанның Қазақстандағы елшісі Я.К. Сайлас Тангал екі ел арасындағы тарихи байланыстар мен қазіргі ынтымақтастық туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Үндістан мен Қазақстанды көпғасырлық қарым-қатынас, мәдени жақындық және өзара құрмет байланыстырады. Бүгінде екіжақты қатынастар стратегиялық әріптестік деңгейінде дамып, экономикалық ынтымақтастық, халықтар арасындағы алмасулар және бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ортақ ұмтылыс басты негіз болып отыр.

Үндістан елшісі: Қазақстан – Орталық Азиядағы басты серіктесіміз

Қазақстан Үндістанның “кеңейтілген көршілік” саясатында ерекше орын алады. Қазақстан біз үшін Орталық Азиядағы маңызды серіктес қана емес, сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ және АӨСШК сияқты көпжақты алаңдарда сенімді одақтас, – деді дипломат.

Сондай-ақ ол екі ел арасындағы ынтымақтастық энергетика, фармацевтика, ақпараттық технологиялар, ғарыш, қорғаныс, білім, мәдениет сияқты сан түрлі салаларды қамтитынын және әлі толық жүзеге аспаған зор әлеуетке ие екенін атап өтті.

Елші ретіндегі басты міндетім – екіжақты байланыстарды одан әрі нығайту, экономикалық және технологиялық өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ академиялық, мәдени және жастар алмасуларын кеңейту. Біздің серіктестігіміз жаһандық Оңтүстіктің елдері арасындағы өзара тиімді әрі сенімге негізделген ынтымақтастықтың үлгісіне айнала алады, – деді Сайлас Тангал елордада БАҚ өкілдерімен кездесуінде.

Алдағы айларда Үндістан Қазақстан Үкіметімен, іскер топтармен, ғылыми орта және қоғам өкілдерімен тығыз жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі сапарлар, іскерлік миссиялар және мәдени бастамалар өтеді деп күтіліп отыр.

Өзгелердің жаңалығы