Үндістанда найзағай түсіп, бір отбасының 8 баласы қайтыс болды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалар жаңбыр жауып тұрғанда далада ойнаған. Оларды найзағай соғып, қайтыс болды. Барлық бала – бір отбасының мүшелері.</h4>

 19 Шілде 2019 2019, 22:47
19 Шілде 2019 2019, 22:47
3401

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалар жаңбыр жауып тұрғанда далада ойнаған. Оларды найзағай соғып, қайтыс болды. Барлық бала – бір отбасының мүшелері.

Үндістанда Бахир штатының солтүстігіндегі ауылда найзағай салдарынан 9 адам қайтыс болды, оның 8-і – балалар. Оннан астам адам жарақат алған. Бұл туралы News Nation басылымы жазады.

Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, Джанпур ауылында балалар ойнап жүрген. Сол кезде найзағай қатты жарқылдаған.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Штаттың бас министрі Нитиш Кумар қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты және қайтыс болғандардың туыстарының барлығына 400 мың рупий (шамамен 2,5 млн теңге) беруді тапсырды.


Наверх