Сарапшылар Қазақстанда ұн бағасы рекордтық өсім көрсеткенін айтады. Олардың есептеуі бойынша ұнның бөлшек сауда құны бір жылда шамамен 45%-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазан айының қорытындысы бойынша ұн жыл басынан бері рекордтық 41,3%-ға қымбаттады. Ал 2021 жылғы қазанмен салыстырғанда бағалар 44,3%-ға көтерілді.
Сондай-ақ, бір айда баға 1,2%-ға өскен екен.
Сарапшылардың айтуынша, ұнның мұндай рекордтық мөлшерде өсуі 10 жыл бұрын болған екен, яғни 2012 жылдың тамыз айында болған, ол кезде баға 5,6%-ға қымбаттаған.
Жоғары сұрыпты бидай ұнының бөлшек бағасы 2022 жылдың қазан айында кг үшін 369 теңге болған, бірінші сұрыпты ұн кг үшін 245 теңге болған, - делінген зерттеуде.
Ел бойынша жоғары сұрыпты бидай ұнының бір келісі:
Астана (447 тг);
Ақтау (411 тг);
Шымкент (406 тг).
Ең арзан ұн Ақтөбе, Павлодар, Жезқазған және Семей қалаларында сатылады екен.