Үміткердің бәрі жазбаша емтиханнан қате жіберді – Фазылжанова

11 Қазан 2022, 18:12
2735
Бөлісу:
Үміткердің бәрі жазбаша емтиханнан қате жіберді – Фазылжанова

Жазбаша тапсырмадан ешқандай қате жіберген үміткерлер бар ма? Лингвистикалық комиссия мүшесі Анар Фазылжанова жазбаша тапсырманың критерийлерін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы күнге дейінгі кандидаттардың ішінде жазба тапсырма бойынша бірдебір қате жібермген азамат жоқ. Неге? Себебі, жазба мәтін тапсырмасы, жалпы тілдік емтихандардың ішіндегі ең күрделі, ең ауыр тапсырма. Жазба мәтін тудыру үшін кез келген күрделі құзыреттіліктерді білу керек. Сондықтанда кез келген тілді жетік меңгерген деген белгіні анықтау үшін жазба тапсырмалар беріледі. Бұл дегеніміз, бірде біп қате жібермеген үміткер болмады деге сөз олардың сауатсыз екенін білдірмейді, - деді Фазылжанова.

Маман жазба жұмыстарының қалай бағаланатынын айтты.

Өйткені жазба мәтіннің талаптарының ішінде оның орфографиялық, яғни, емле қателерін және пунктуациялық қателерін анықтау критерийлерінен бөлек басқада критерийі бар. Ол жазу арқылы өзінің ойын дұрыс архетиктурасын құрып, дұрыс сюжетпен жеткізу.  Екіншіден, тақырыптың идеясын айтып кетеді. Одан кейін ол идея қалай түсінетінін жазу қажет. Оған аргументтер мен фактілер келтірілуі керек және жазба мәтіннің міндетті компоненті ой қортындысы болуы шарт. Осы жағынанда жазба жұмысы бағаланады. Олардың тек қателеріне қарау жеткіліксіз, - деді комиссия мүшесі.

Өзгелердің жаңалығы