Олар өздерінің қолшоқпар екенін жасырмаған. Бұл пікірді Оппазиция өкілі Нұрлан Әуесбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мен Нұрлан Әуесбаев оппазициядан түскен жалғыз үміткермін. Менің билікке ешқандай қатысым жоқ. Ешқандай коалицияға мүше емеспін. Өзгелер секілді бос ұрандатып жүргенім жоқ. Мен өз партиямның атынан ұсынылдым. Нақты бағдарламамыз бар. Анық, айқын жазылған. Ал енді менің қарсыластарым кім?!, – деді ол.
Сондай-ақ спикер қарсыластары туралы ойын айтты.
Мәселен, Ауыл партиясынан ұсынылған үміткер өз партиясынан емес. Коалиция дейді. Сонда ол қандай? AMANAT, «Ақ жол », Қазақстан Халық Партияларының қосындысы ғана. Үш түрлі партия, үш түрлі бағытымен қосыла салды. Олардың көшбасшылары өздерінің қолшоқпар екенін жасырмаған. Жасырмайды да, –деді үміткер.