Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үміткер Нұржан Әлтаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген

Олжас АДАЙ
11 Қазан 2022, 18:27
1669
Бөлісу:

Президенттікке кандидат Нұржан Әлтаев мемлекеттік тілде емтихан тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Нұржан Бауыржанұлы бірінші жазба тапсырмасына «Біртұтас Алаш идеясы» тақырыбын таңдады. Екінші тақырыпта ауызша тапсырмасында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романынан үзіндіні алған. Үшінші сынақта жұрт алдында сөйлеуге «Бабалар аманаты» тақырыбын таңдады. Үш тапсырма бойынша үміткер мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдеп, қорытынды бағасын алды, – деді лингвистикалық комиссия мүшесі Дихан Қамзабекұлы.

Өзгелердің жаңалығы