"Үміт көп": БҰҰ Жоғарғы комиссары Тоқаевпен кездескенін айтты

17 Наурыз 2023, 18:03
1051
Бөлісу:
"Үміт көп": БҰҰ Жоғарғы комиссары Тоқаевпен кездескенін айтты
Фото: автордан автордан

Қазақстанға ресми сапармен келген БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар Тюрк Фолькер Астанада баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол бір жарым күн ішінде жоғары лауазымды мемлекеттік қайраткерлермен, конституциялық соттың жетекшісімен, омбудсменмен, дипломаттар, азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері, адам құқықтарын қорғаушылар және студенттермен кездескенін айтты. Сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі қалай өткеніне тоқталды.

Бүгін түстен кейін Президент Тоқаевпен кездесіп, елде болып жатқан реформаларды конструктивті түрде талқыладық. Мен өз тарапымнан адам құқықтарына оның бөлген көңіліне алғыс айтамын және үмітім көп. Қазақстан азаматтарының құқықтары жекеменшік деңгейде де, елді басқару институттары деңгейінде де ескерілуі керек, – деді ол.

"Үміт көп": БҰҰ Жоғарғы комиссары Тоқаевпен кездескенін айтты

Сонымен қатар Жоғарғы комиссар тұрақты экономикалық даму мен экологияны қорғау мәселелері де ұмытылмауы керегін айтты.

Мен Президент реформаларын және конституциялық өзгерістерді, олардың арасында конституциялық соттың пайда болуы, омбудсмен кеңсесінің нығаюы, өлім жазасының жоққа шығарылуын қуана қабылдадым, – деді ол.

Еске салайық, 16 наурызда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Тюрк Фолькер Қазақстанға екікүндік сапармен келді.

Өзгелердің жаңалығы