Ұлытауда жоғалған малшы табылды

Ұлытау облысында ТЖМ қызметкерлері жоғалған малшыны тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Арман Мухатов  -архив 16 Қаңтар 2025 2025, 03:15
16 Қаңтар 2025 2025, 03:15
993
Фото: -архив

Ұлытау облысында ТЖМ қызметкерлері жоғалған малшыны тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, 112 пультіне Ұлытау облысының Сарлық ауылынан 70 қашықтықта "Қосқонған" қыстауынан ер адам мал іздеуге жеңіл көлікпен шығып, жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Сарлық ауылынан 60 шақырым жерде ашық аумақта ТЖМ іздеу тобы жоғалып кеткен адамды тапты. Ер адамға медициналық көмек қажет болмады, - делінген хабарламада.

ТЖМ дауылды ескертулерге назар аударып, ауа-райы нашарлаған жағдайда елдімекеннен тыс жерге жолға шықпауға кеңес береді.

Наверх