Ұлытауда жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді

Ұлытау ауданының орталығында шағын футбол алаңының құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 17 Шілде 2025 2025, 14:42
17 Шілде 2025 2025, 14:42
893

Ұлытау ауданының орталығында шағын футбол алаңының құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спорт алаңы жасанды көгалмен (газон) көмкерілген, аумағы 800 шаршы метрді құрайды. Нысан арнайы қоршаумен қоршалып, абаттандырылған.

Шарадан соң ауыл жасөспірімдерінен құралған командалардың қатысуымен кіші футболдан жолдастық кездесу өткізілді.

Сондай-ақ аудандағы Борсеңгір ауылында да тамыз айында шағын футбол алаңы пайдалануға берілмекші. Қазіргі уақытта алаңның орны тегістеліп, төсем жұмыстары дайындалуда.

Айта кетейік, Қоскөл ауылында да жабық футбол алаңының құрылысы басталды. Қазіргі уақытта, алаңның іргетасы құйылып, құм төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Наверх