Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң (12-б. 1-т. 6) тт.) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіретіндіктен мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салады. Талдау барысында 36 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 10 басшы, «Olimpbet» және «1XBET» букмекерлік компанияларында бәс тіккені белгілі болды. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен мемлекеттік қызметшілер қызметінен босатылды, - деп хабарлады Ұлытау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстаннан қашып, Грузияда жасырынған қаржы пирамидасының басшысы ұсталды.