Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық экология департаментінің басшысын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикорға сілтеме жасап.
Шенеунік экология саласындағы рұқсат құжаттарын бергені үшін кәсіпкерден 2,5 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
Белгілі болғандай, ол 8 қаңтарда ол соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, басқа адамдардың қатыстылығы тексерілуде, - деп атап өтті Антикордың баспасөз қызметі.
Айта кету керек, 2024 жылдың 26 тамызында күдікті бизнесті қорғау жобасы аясында кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Ол кәсіпкерге қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есеп беру туралы заңсыз талаптар қойған.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.