Ұлытау облысының орталығын қар суы басты

Жезқазғанда ауа райының күрт жылынуына және жауынға байланысты коммуналдық қызметтер қала көшелерінен жаңбыр суын сорғыту шараларын күшейтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлытау облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

 Ұлытау облысы әкімдігі 10 Наурыз 2024 2024, 17:14
10 Наурыз 2024 2024, 17:14
765
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Жезқазғанда ауа райының күрт жылынуына және жауынға байланысты коммуналдық қызметтер қала көшелерінен жаңбыр суын сорғыту шараларын күшейтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлытау облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Қаланың автожолдарынан еріген қар суын шығаруға 10 арнайы техника және 40 жұмысшы жұмылдырылды.

Әкімдіктің хабарлауынша қазіргі таңда қаланың автокөлік жолдарында су басуға бейім 5 учаске анықталды.

Қазір барлық учаскелер бақылауда, қажет болған жағдайда арнайы техникалар қосымша жіберіліп жатыр.

Наверх