Ұлытау облысында жылу беру маусымы қалыпты деңгейде

Биыл өңірде 47,8 шақырым жылу желілеріне толықтай жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 60%-дан 56,1%-ға дейін азайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ОКҚ 3 Желтоқсан 2025 2025, 13:06
3 Желтоқсан 2025 2025, 13:06
447
Фото: ОКҚ

Биыл өңірде 47,8 шақырым жылу желілеріне толықтай жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 60%-дан 56,1%-ға дейін азайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы Ұлытау облысы енді құрылған жылдары Жезқазған жылу электр орталығы қысқы маусымға 4 қазандықпен кірген болса, биылғы маусым 6 қазандықпен басталды. Бұл – соңғы үш жылда ЖЭО-да атқарылған күрделі жөндеулер мен ауқымды жаңғырту жұмыстарының нәтижесі. Қазіргі таңда қысқы кезең қалыпты өтіп жатыр.

Одан бөлек, Сәтбаев қалаларында биыл 2,4 шақырым екі жылу желісі жаңартылды.

Наверх