Ұлытау облысында жолда қалған автобустың жолаушылары құтқарылды

Қаражал қаласынан 20 шақырым жерде 50 жолаушыны тасымалдап келе жатқан автобус ақауға ұшырап, қатты боран салдарынан жолда қалып қойған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 23 Қаңтар 2025 2025, 05:24
23 Қаңтар 2025 2025, 05:24
593

Қаражал қаласынан 20 шақырым жерде 50 жолаушыны тасымалдап келе жатқан автобус ақауға ұшырап, қатты боран салдарынан жолда қалып қойған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Автобусты жөндеу жұмыстарын ЖШС қызметкерлері жүргізді. Сонымен қатар басқа ЖШС-нің арнайы техникасы жолды қардан тазартты.

ТЖМ қызметкерлері жолаушылары бар автобусты Қаражал қаласындағы №7 мектепке дейін сүйемелдеді, онда олар суықтан қорғалды, - деп жазылған мәліметте.

Автобус жүргізушісі қолының саусақтарын үсітіп алғандықтан, оған медициналық көмек көрсетілді және ол ауруханаға жеткізілді.

Наверх