Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұлытау облысында жоғалған азаматтар табылды

Кеше, 18:52
635
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Ұлытау облысында Бостұмсық ауылының маңында жылқы іздеуге шығып, жоғалып кеткен азаматтар табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ таратқан мәліметке сәйкес, бірақ уақытында оралмаған 1997, 1972 және 1968 жылы туған үш ер адамды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Іздестіруге ТЖМ, ЖАО және ПД күштері мен құралдары дереу жұмылдырылды. Қиын өтімділік жағдайында құтқарушылар қар басып қалған жолдарды тазалап, іздестіру топтарының қозғалысын қамтамасыз етті. Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Іздестірудің 5 сағатынан кейін жоғалғандар Қаракеңгір ауылынан шамамен 30 шақырым жерден табылды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы