Урал маркалы екі мотоциклде 4 заң бұзушы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ағымдағы жылдың 16 тамызында сағат 19: 26 да “Охотзоопром”ӨБ” РМҚК ГБР инспекторлары Ұлытау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп Ұлытау облысы Ұлытау ауданының аумағында (Түркістан облысымен шекарада) сирек жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарлар мен киіктерді қорғау жөніндегі рейдтік іс-шараларды жүргізу нәтижесінде браконьерлік фактісі анықталды.
Урал маркалы екі мотоциклде 4 заң бұзушы ұсталды. Ұсталғандардан 15 ақбөкеннің ұшасы, кесілген мүйізі және 2 бірлік тегіс ұңғылы қаруы табылды.
Заң бұзушылар Ұлытау облыстық полиция департаментіне жеткізілді.