Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұлытау облысында аязда бірнеше адам айдалада қалып қалды

10 Наурыз 2025, 02:42
667
Бөлісу:
 архив
Фото: архив

Ұлытау облысында қақаған аязда үш адам көлігі бұзылып, айдалада қалып қойған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ құтқарушылары 3 адамды құтқарып эвакуациялады.

Оқиға Жезқазған қаласының 25 шақырымында Талап ауылының маңында болды. Олар көлігі бұзылып, далада қалған. Жүргізуші құтқарушыладың көмегіне жүгінді.

ТЖМ қызметкерлері Жезқазған қаласына 3 адамды эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ сапар алдында көліктің техникалық жағдайын тексерудің маңыздылығын еске салады, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы