Ұлытау облысында 25 елдімекенді су басу қаупі бар. Көбісі Жаңаарқа ауданына қарасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл өңірге қар қалың түсті. Облыстың солтүстік бөлігінде қатқан жер тоңының қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Қазір өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Төтенше жағдай қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, арық-атыздарды тазалап, қажетті инертті материалдар мен техникалық құралдардың қорын жасақтап жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Бүгінгі таңда 270 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыстар әлі жалғасуда. Сонымен қатар жол ұйымдарының қызметкерлерімен 600-ге жуық су өткізу құбырлары және көпірлер тазаланды. Негізгі қауіп 15-наурыздан бастап күндіз де, түнде де ауа температурасының жылынуы күтілуде. Бізде қазір дайын штаб құрамы бар. Қажет болған жағдайда, қауіп төнген жағдайда сол штаб құрылып, дереу іс-шаралар қабылданады, - деді Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы Әлібек Әбілов.
Айта кетсек, бүгін елордада қар тазалау жұмысына күндізгі уақытта 2,2 мыңнан аса жол жұмысшысы жұмылдырылды.