Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, басқарма басшысының міндетін атқарушылар таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұған дейін де айтқанымыздай, біздегі басқармалар саны шағын құрамда болады. Бас-аяғы 18 басқарма құрылып, 251 штат саны бекітілді. Кей басқармалар біріктірілді, енді бірі жеке өз алдына басқарма болып бөлінді», - деді облыс басшысы.
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметіне Аман Барикенов тағайындалды. Ол қаржы, экономика мәселелерін үйлестіретін болады.
Облыс әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, сәулет, энергетика, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымын Ұлантай Үсенов атқарады.
Тағайындалған басқарма басшыларының міндетін атқарушылар:
Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы – Мереке Мырзабекова;
Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы – Саят Балмағанбетов;
Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту, мұрағат ісі басқармасы – Әнуар Омар;
Ұлытау облысының білім басқармасы – Сапура Төлекова ;
Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы – Ләззат Ранова
Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы – Зина Ақылбекова;
Ұлытау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – Жомарт Бегаев;
Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы – Ғазиз Төлеуов;
Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы – Қуат Имантүспов;
Ұлытау облысының экономика басқармасы – Ерлан Мырзабеков;
Ұлытау облысының қаржы басқармасы – Виктория Ставицкая;
Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы – Алмат Әйтенов;
Ұлытау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы – Алмас Жандарбеков;
Ұлытау облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы – Кеңгірбай Смағұлов;
Ұлытау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы – Талғат Әлменов;
Ұлытау облысының ветеринария басқармасы – Әбусағит Әбдікер.