Ұлытау аймағында қарлы боран салдарынан үш ауыл жарықсыз қалды

Ұлытау өңірінде үш елді мекен жарықсыз қалды. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімдігі өзінің Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 baq.kz 9 Ақпан 2024 2024, 05:25
9 Ақпан 2024 2024, 05:25
752
Фото: baq.kz

Ұлытау өңірінде үш елді мекен жарықсыз қалды. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімдігі өзінің Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауа райының қолайсыздығынан Ұлытау өңіріндегі Ақтас, Байқоңыр және Қоскөл елді мекендерінде ВЛ-35 электр желісі зақымдалды. Соның салдарынан ауылдар жарықсыз қалды.

«Жезқазған электр желілерін тарату компаниясы» АҚ (ЖРЭК) екі арнайы бригадасы жағдайды қалыпқа келтіруге кірісті. Қарлы боранға байланысты ақауды анықтау мүмкін болмай отыр. Ауа райы жақсара салысымен қалпына келтіру жұмыстары жалғасады, - деді Ұлытау әкімдігі.

Наверх