Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында табиғи өрттің жағдайы тұрақталды. Ұлытау ауданы бойынша өрт толығымен сөндірілді. Олардың жалпы ауданы 36 538 гектар. Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлытау ауданының екі ауылдық округі - Жангелді және Ақтасты аумағында 28 000 га алаңда құрғақ шөп өртенді. Өрт 7 шілде сағат 18:10-да ауыздықталып, 8 шілде сағат 21:00-де сөндірілді.
Шеңбер ауылдық округінде, Қорғасын ауылынан солтүстікке қарай 20 шақырым жерде, 4 шілде күні сағат 19:20-да 4700 га алаңда құрғақ шөп өртенді (7 шілде сағат 17:20-да орнатылды). Өрт 7 шілде күні сағат 17:20-да ауыздықталып, 8 шілде күні сағат 21:00-де сөндірілді.
Дәл сол ауылдық округте, бірақ Қорғасын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде 3500 га құрғақ шөп жанды. Өрт 8 шілде күні сағат 21:00-де сөндірілді.
Амангелді ауылдық округінің Сарлық ауылынан батысқа қарай 70 шақырым жерде 3600 га алаңда құрғақ шөп өртенді. Өрт 8 шілде сағат 21:00-де сөндірілді.
Өртті сөндіруге барлығы 540 адам мен 70 бірлік техника жұмылдырылды.