"Ұлыңыз енді оянбайды": Алаяқтар WhatsApp мессенджерін бұзған

Кеше, 16:37
1607
Бөлісу:
"Ұлыңыз енді оянбайды": Алаяқтар WhatsApp мессенджерін бұзған
VIDEO
Фото: Артём Чурсинов - Архив

Көкшетауда алаяқтар тәрбиешінің телефонын бұзып, балабақшадағы балалардың бірінің анасын қорқытқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көкшетау тұрғыны балабақша тәрбиешісіне ұлы ұйқыдан тұрғаннан кейін ертерек алып кететінін жазған. Алайда жауап ретінде мынадай жантүршігерлік хабарлама алған: "Ұлыңыз енді оянбайды."

Әлі де өз-өзіме келе алмай отырмын... Тәрбиешіге Сәлімді балабақшадан ертерек алып кеткім келетінін жаздым. Сол сәтте не сезінгенімді білсеңіздер ғой... Көлікте кіші ұлым болған еді, оны сыртқа шығарып жібердім. Содан кейін айғайлап, балабақша директорына қоңырау шала бастадым, – дейді баланың анасы видеода.

Әйелдің айтуынша, тәрбиешінің телефонын бұзған белгісіз адамдар басқа ата-аналарға да үрей тудыратын хабарламалар жіберген.

 

Ақмола облыстық Полиция департаменті бұл жайт бойынша әзірге ресми арыз түспегенін, бірақ жарияланған ақпарат тексеріліп жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар, 14 наурызда балабақша тәрбиешісі WhatsApp мессенджері бұзылғаны туралы арыз бергені белгілі болды. Бұл дерек Көкшетау полициясында тіркеліп, тексеріс жүргізіліп жатыр.

Жазбадағы деректер тексеріліп жатыр, егер расталса, тиісті шаралар қабылданады. 14 наурызда Көкшетау қаласындағы балабақшалардың бірінің тәрбиешісі WhatsApp мессенджері бұзылғаны туралы арыз берген. Бұл арыз Көкшетау қалалық полиция басқармасының ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді. Қазір осы мәселеге байланысты тексеріс жүргізіліп жатыр, – деді ПД өкілі.

Өзгелердің жаңалығы