Ресейдің Пермь қаласында сот 9 жастағы ұлын өлтірген әйелге қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кінәлі тергеу амалдары кезінде жазасын мойындағанын айтты. Тергеушілер ауқымды жұмыс жүргізген.
40-тан астам куәгерден жауап алынып, 15-тен астам күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізілді, - делінген хабарламада.
Сот әйелді 18 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.
Қайғылы жағдай былтыр шілдеде болған. Куәгерлердің айтуынша, әйел адам ұлын телефонның сымымен тұншықтырып, кеудесіне 30-дан астам пышақ жарақатын салған.
Қылмысын жасыру үшін ол мәйітті чемоданға салып, қоқысқа апарып тастаған. Кейінірек баланы үй-күйсіз жүрген адам тауып алып, құқық қорғаушыларға айтады. Бейнебақылау камералары арқылы қылмысты жасағанның кім екендігі анықталып, қолға түсті.
Әйел ұлын қарызға батқандықтан өлтірдім деп отыр.