Ұлыбританияның премьер-министрі Зеленскийді құшақ жая қарсы алды

Кеше, 01:19
907
Бөлісу:
Ұлыбританияның премьер-министрі Зеленскийді құшақ жая қарсы алды
Фото: pixabay.com

Ұлыбританияның премьер-министрі Кир Стармер Лондондағы Даунинг-стриттегі ресми резиденциясына келген Украина президенті Владимир Зеленскийді жылы жүзбен қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шетелдік БАҚ олардың қол алысып, құшақтасып амандасқандарын жазды. Сондай-ақ олар британдық премьер Зеленскийге Украинаны қолдауда "нағыз батылдық" танытқанын айтқан.

Украинаның егемендігі мен қауіпсіздігіне негізделген баянды бейбітшілік Украина, Еуропа мен Біріккен Патшалық үшін маңызды, - деді ол.

Сондай-ақ премьер Зеленскийге "Ұлыбритания толықтай қолдайтынын" жеткізген.

Біз Украинаны қанша қажет болса, сонша қолдаймыз, - дейді британдық премьер-министр.

Зеленский өз кезегінде Ұлыбританияға көрсеткен қолдаулары, ІІІ Карлмен кездесуге шақырғандары және Украина бойынша саммитті ұйымдастырғандары үшін алғысын білдірді.

Айта кетерлігі, Украина президенті патшамен кездесетіні туралы британдық БАҚ-тар мәлімдеді.

Одан бөлек, Зеленский Стармер ұйымдастырған еуропалық көшбасшылардың саммитіне қатысады.

Өзгелердің жаңалығы