Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұлыбританиядағы әскери-теңіз базасынан радиоактивті су көлге төгілген

10 Тамыз 2025, 07:12
622
Бөлісу:
 Jane Barlow/PA
Фото: Jane Barlow/PA

Ұлыбританияда Лох-Лонг маңындағы Кулпорт әскери-теңіз қоймасында тозған су құбырларының кесірінен радиоактивті су көлге түскені белгілі болды. Бұл оқиға 2019 жылы орын алғанымен, тек 2025 жылдың тамызында Шотландияның талабы бойынша құжаттар құпиясыздандырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Шотландияның Қоршаған ортаны қорғау агенттігі (SEPA) мәліметінше, Кулпорт қоймасында Корольдік Әскери-теңіз күштерінің Trident баллистикалық зымырандарына арналған ядролық оқтұмсықтар сақталады. Ағып кеткен белсенді элементтердің бірі – тритий.

SEPA бұл ағып кетудің адам денсаулығына қауіп төндірмейтінін айтқанымен, оның техникалық қызмет көрсетудегі жүйелі кемшіліктерден туындағанын атап өтті. Құжаттарда 2010 жылдан бері бірнеше рет осындай оқиғалар болғаны көрсетілген.

2010 жылы, 2019 жылы және одан кейінгі жылдары құбырлар бірнеше рет жарылып, бірқатар жағдайда радиоактивті су көлге түскен. SEPA есептерінде 1500 ескі құбырды ауыстыру жоспарының баяу жүріп жатқаны және қалпына келтіру шараларының созылып кеткені сынға алынған.

Өзгелердің жаңалығы