Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұлыбританияда туған бір жасар қыз Қазақстанға қайтарылды

Бүгiн, 18:01
128
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ұлыбританияда дүниеге келген бір жасар қыздың елге аман-есен оралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бастапқыда Ұлыбританияның құзырлы органдары сәбиді британдық отбасыға асырап беру мүмкіндігін қарастырғандықтан, аталған жағдай шұғыл әрекет етуді талап етті. Қазақстандық тараптың үйлесімді әрі жедел іс-қимылының нәтижесінде сәби өзінің туған әжесімен және әкесімен қауышты.

Мамандардың туыстарымен жүргізілген профилактикалық және түсіндіру жұмыстарының барысында қыздың әжесі мен әкесі баланы өз қамқорлығына алып, отбасында тәрбиелеуге ниетті екендерін білдірді.

Кішкентай отандасымызды елге қайтару үшін ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып ауқымды жұмыс атқарылды. Біз сәбидің жақын туыстарын анықтап, оны Қазақстанға қайтару туралы шешімге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта бүлдіршін өз үйінде, туғандарының жанында, – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Сондай-ақ, елге қайтару шаралары аясында балаға қазақстандық үлгідегі туу туралы куәлік рәсімделді.

Өзгелердің жаңалығы