Ұлыбританияда депортациядан қашқан мигрант батарея жұтып қойды

Оқиға иммигранттарды ұстау орталығында болған.

 freepik 17 Ақпан 2026, 05:18
17 Ақпан 2026, 05:18
725
Фото: freepik

Ұлыбританияда Египеттен келген заңсыз мигрант депортацияны тоқтатуға тырысып, электронды темекінің литий батареясын жұтып қойған. Бұл туралы Daily Mail жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға иммигранттарды ұстау орталығында болған. Ұшуға бірнеше күн қалғанда ер адамға вейп берілген. Кейін ол құрылғыны бөлшектеп, батареясын жұтып қойған.

Мигрант шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалған. Соның салдарынан Албанияға жоспарланған депортациялық рейс кейінге шегерілген. Көші-қон қызметінің мәліметінше, ұсталған азамат бұған дейін де елден шығару әрекеттерін тоқтатуға тырысқан.

Депортация үдерісіне жауапты ІІМ мердігері оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатқанын, алайда әзірге қызметкерлер тарапынан заңбұзушылық анықталмағанын мәлімдеді.

Наверх