«Берт» дауылы салдарынан Уэлсьтің Понтипридд қалашығында су тасқыны жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдай қызметі шұғыл әрекет етіп, тиісті шараларды қолға алды. Қазір аймақта су сору жұмыстары жүріп жатыр. Қауіпті аймақтағы тұрғындар жаппай көшіріле бастады. Әзірге табиғат апатынан қанша адамның зардап шеккені белгісіз. Келтірілген шығын көлемі туралы да ақпар жоқ.
Англия, Шотландия және Солтүстік Ирландияда дабылдың «қызғылт сары» деңгейі жарияланды. Жергілікті метеорология қызметі келтірген мәлімет бойынша дауылдың жылдамдығы сағатына 110 шақырымға жеткен. Аймақта жаңбыр артынан қар жауып, кей өңірлерде ақ ұлпаның қалыңдығы 40 сантиметрге жетті. Салдарынан мыңдаған адам жарықсыз қалған.