Ұлыбританияда балаларға вейп сатуға тыйым салынады

2 Маусым 2023, 05:45
653
Бөлісу:
Ұлыбританияда балаларға вейп сатуға тыйым салынады
Фото: oek-adm.ru

Ұлыбритания билігі кәмелетке толмағандарға вейп сатуға тыйым салуды жоспарлап отыр. Қазір тиісті заң жобасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Электронды темекіні тегін таратуға да шектеу қойылады. Елде темекі түрлерінің кең етек жаюы мамандарды алаңдатып отыр.

Бұл өнімдер ересектерге арналмаған. Ол – балалардың қызық көріп, әуестенуі үшін жасалған зат. Түрлі хош иістендіргіш пен дәм қосуы да сондықтан. Қазір халық арасында осы шылым түрлеріне қатысты сауалнама жүргізіліп жатыр. Жалпы біздің мақсатымыз балалар арасында вейптердің таралуын қысқарту, - деді Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак.

Өз кезегінде Швеция темікіге тәуелділіктен құтылған тұңғыш ел атануы мүмкін. Мамандардың есебінше тұрғындардың 5 пайызы ғана шылым шегеді екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл елді ресми түрде темекіден арылған мемлекет деп таныды.

Өзгелердің жаңалығы