Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс және Батыс Еуропа өңірлерінде вакцина алмаған тұрғындарға шектеу қатаңдатылып келеді. Бұл туралы ВАК хабарлады.
Британияның Бас санитариялық дәрігерлері жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакцинациялауды ұсынды.
Мәлімдемеде айтылғандай, мұндай шешім «қоғамдық денсаулық сақтау себептері бойынша» қабылданды. Сонымен қатар вакцинация мектептерде COVID-19 таралу деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретіні айтылды.
Словенияда 15 қыркүйектен бастап ковидпен күресу үшін жаңа шектеу шаралары енгізіледі. Елдің кез келген жеріне кедергісіз бару үшін азаматтар коронавирусқа теріс сынақтан өтуі керек немесе вакцинациялануы қажет.
Литва коронавирустан вакцинацияланбаған адамдарға қатаң шектеулер енгізді. Вакцина алмаған адамдар ауданы 1,5 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтарына, барлық азық-түлік емес дүкендерге бара алмайды. Сондай-ақ оларға тамақтану мекемелеріне және қоғамдық іс-шараларға кіруге тыйым салған.