Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли елордада

Бүгін Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлидің Астанаға алғашқы ресми сапары өтуде, деп хабарлайды BAQ. KZ тілшісі.

18 Наурыз 2023 2023, 12:18
 автордан  18 Наурыз 2023 2023, 12:18
18 Наурыз 2023 2023, 12:18
1032

Бүгін Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлидің Астанаға алғашқы ресми сапары өтуде, деп хабарлайды BAQ. KZ тілшісі.

Іс-сапар аясында Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік, сауда мен инвестицияларды, білім беруді, бейбітшілікті сақтау мен қауіпсіздік мәселелерін талқыланады.

Мемлекет басшысы мен Премьер-Министрдің Джеймс Клеверлимен кездесулер Қазақстан-Британ қарым-қатынастарына жаңа серпін беретініне сенімдімін. Сапар аясында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы саяси диалогты дамытудың және ынтымақтастықтың барлық кешенін, әсіресе экономикалық және инвестициялық салалардағы әріптестікті жандандырады,-деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

Наверх