Препаратты «Модерна» компаниясы әзірлеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Екпенің ерекшелігі - дозаның жартысы вирустың бастапқы штамынан, ал қалған бөлігі «Омикроннан» қорғайды. Сондай-ақ бұл препаратты ревакцинациялау үшін де қолдануға болады.
Сынақ-тәжірибе кезінде вакцина адам ағзасында күшті иммунитет қалыптастыратыны анықталған.
Аталған екпені Британияда мақұлдау туралы шешімді үкімет жанынан құрылған тәуелсіз сараптамалық-ғылыми кеңес беруші мекеме мен дәрі-дәрмек жөніндегі комиссия бірлесіп қабылдаған.