Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұлыбритания Газа секторына 19 млн фунт стерлинг аударады

3 Желтоқсан 2024, 20:42
490
Бөлісу:

Бұл туралы елдің Халықаралық даму министрі Аннелиза Доддс Каирдегі конференцияда мәлімдеді. Сөйтіп, корольдік аударған қаражат көлемі  99 млн фунтқа жетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Оның 12 млн-ы БҰҰ-ның гуманитарлық сауалдарды үйлестіру басқармасы мен дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына аударылады. Бұл тұрғындарды ауызсу, азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалады. 

Министрдің сөзіне қарағанда, бөлінген қаражат палестиналықтарды бар-жоғы бір ай қажетті ресурстармен қамтуға ғана жетеді. 

Сол себепті аймақта қақтығысты шұғыл тоқтату керек, – дейді министр. 

Айта кетейік, кездесуден кейін корольдік министрі ресми өкілдермен өзара келісімге келу үшін Израильге бармақшы.

Өзгелердің жаңалығы