Ұлыбритания билігі үйсіздер мәселесін шешуге 1,3 млрд доллар бөлмек

Бүгiн, 17:39
106
Бөлісу:
Ұлыбритания билігі үйсіздер мәселесін шешуге 1,3 млрд доллар бөлмек

Ұлыбритания билігі үйсіздер мәселесін қолға алмақ. Ол үшін бюджеттен 1,3 миллиард доллар бөлу көзделіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Қаржы қосымша әлеуметтік нысан құрылысына, қолдау бағдарламаларына жұмсалады.

"Биг Ишью" (( The big Issue)) басылымының мәліметі бойынша кейінгі 10 жылда британияда көше кезген үйсіздер саны 2 есе артқан. Олардың дені ел астанасы Лондонда өмір сүреді. 

Соңғы дерек бойынша 180 мыңнан астам азаматтың тұрақты мекенжайы жоқ. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдай бірінші кезекте тұрғын үй бағасының тым қымбат болуымен байланысты. Қарашада баспананың орташа бағасы шамамен 400 мың долларға жеткен.

Өзгелердің жаңалығы